Білмесбек және қауіпсіздік ережелері
01.10.2026
Тәрбиеші Дина Төлегеновна «Солнышко» тобының тәрбиеленушілерімен балабақша ауласында өрт қауіпсіздігі ережелеріне арналған танымдық сабақ өткізді. Сабақ балалардың жас ерекшеліктеріне сай ойын түрінде ұйымдастырылды. Тәрбиеші Білмесбек кейіпкерінің образында болып, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін қызықты әрі түсінікті түрде жеткізді. Сабақ барысында Білмесбек балалармен бірге отпен байланысты әртүрлі жағдайларды талқылап, қауіпсіздік ережелерін қайталады. Балалар сұрақтарға жауап беріп, ойын тапсырмаларына белсенді қатысты және өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігін бекітті. Балаларға сіріңкемен, оттықпен және басқа да өрт қаупін тудыратын заттармен ойнауға болмайтыны, өрт шыққан жағдайда сабыр сақтап, дереу ересектерге хабарлау және қауіпсіз жерге шығу қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар өрт сөндіру қызметінің 101 нөмірі туралы білімдері бекітілді. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балалардың қызығушылығын арттырып, маңызды ақпаратты жеңіл әрі есте қаларлық түрде қабылдауына мүмкіндік берді. Іс-шара балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, өрттің алдын алуға және төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет ету дағдыларын дамытуға бағытталды.