Жас маман – жаңа қадам

01.10.2026

Балабақшада жас мамандарға арналған семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараны педагог-психолог Жылбаева Арайлым Маратовна ұйымдастырып, жүргізді. Семинар-тренингтің негізгі мақсаты – жас мамандарға кәсіби ортаға бейімделуге қолдау көрсету, педагогикалық қызметке деген сенімділігін арттыру және ұжыммен тиімді қарым-қатынас орнатуға көмектесу. Тренинг барысында жас мамандарға педагогикалық қызметтің ерекшеліктері, кәсіби қарым-қатынас, ұжымдағы өзара әрекеттестік және эмоционалдық жағдайды басқару мәселелері бойынша пайдалы ақпараттар берілді. Түрлі психологиялық жаттығулар, ойындар және топтық тапсырмалар ұйымдастырылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Практикалық тапсырмалар барысында жас мамандар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасап, жаңа ұжымдық байланыстар қалыптастырды. Семинар-тренинг жас педагогтердің кәсіби әлеуетін ашуға, өз күшіне деген сенімін нығайтуға және педагогикалық ортаға табысты бейімделуіне бағытталды. Іс-шара жылы әрі еркін атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.

Просмотров: 6


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу