Отбасы мен балабақша – бала болашағы үшін бірге

01.10.2026

Балабақшада «Солнышко», «Звёздочки» және «Радуга» топтарында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты тәрбиешілер Изделеева Индира, Сальменова Гульнар, Капанова Галина және әдіскер Анар Сериковна ұйымдастырып, өткізді. Кездесу барысында ата-аналармен балалардың тәрбиесі, дамуы және білім беру үдерісіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Отбасы мен балабақша арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға, балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға және олардың келесі білім беру кезеңіне дайындығына ерекше назар аударылды. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, балалардың тәрбиесі мен дамуына қатысты педагогтермен пікір алмасты. Жиналыстар ашық пікір алмасу форматында, жылы әрі жағымды атмосферада өтті. Кездесу ата-аналар мен педагогтер арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, бала тәрбиесінде ортақ мақсатқа бірігуге мүмкіндік берді.

Просмотров: 5


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу