«Өнерлі қол – ұлттық нақыш»

01.10.2026

Тәрбиеші Сәулет Қайзатовнаның ұйымдастыруымен педагогтерге арналған шығармашылық шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатының негізгі мақсаты – тәрбиешілерге мата мен киімге түрлі өрнектер мен суреттерді қолмен түсіру, принт жасау тәсілдерін үйрету және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Іс-шара барысында Сәулет Қайзатовна матаға сурет салу, түрлі түстерді үйлестіру, өрнектерді орналастыру және принтті киімге түсірудің қарапайым әрі тиімді тәсілдерін көрсетті. Педагогтер өз қолдарымен әртүрлі гүлдер, сәндік элементтер мен ұлттық нақыштағы қазақы ою-өрнектерді матаға бейнелеп, тәжірибе жүзінде жұмыс жасап көрді. Шеберлік сағаты барысында «қошқармүйіз», «түйетабан», «гүл» сияқты ұлттық ою-өрнек элементтерін заманауи дизайнмен үйлестіруге ерекше көңіл бөлінді. Педагогтер дәстүрлі ұлттық нақышты шығармашылықпен қолданудың жаңа тәсілдерімен танысып, өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Шеберлік сағаты шығармашылыққа, еркін ойлауға және ұлттық мәдени құндылықтарды заманауи өнермен ұштастыруға бағытталды. Іс-шара соңында педагогтер өз жұмыстарын таныстырып, алған әсерлерімен және шығармашылық идеяларымен бөлісті.

Просмотров: 7


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу