«Волшебный мир песка»
01.10.2026
Балабақшада педагог-психолог Арайлым Маратовнаның ұйымдастыруымен тәрбиеленушілерге арналған құм терапиясы бойынша психологиялық сабақ өткізілді. Құм терапиясы – балалардың эмоциялық жағдайын реттеуге, ішкі сезімдерін ойын және шығармашылық арқылы еркін білдіруге мүмкіндік беретін тиімді психологиялық әдістердің бірі. Сабақ барысында балалар құммен жұмыс жасап, түрлі суреттер мен өрнектер салды, шағын композициялар құрастырды және ойыншықтар арқылы әртүрлі сюжеттерді бейнеледі. Құммен жұмыс жасау барысында балалардың ұсақ қол моторикасы, зейіні, қиялы, шығармашылық қабілеті және тактильді қабылдауы дамыды. Сонымен қатар балалар өз эмоцияларын еркін жеткізуге, тынышталуға және бір-бірімен жағымды қарым-қатынас жасауға үйренді. Сабақ барысында балалар үшін еркін әрі жайлы психологиялық орта қалыптастырылып, әр балаға өз қиялын еркін жүзеге асыруға мүмкіндік берілді. Тәрбиеленушілер тапсырмаларға қызығушылықпен қатысып, шығармашылық белсенділіктерін көрсетті. Өткізілген сабақ балалардың эмоциялық әл-ауқатын қолдауға, психологиялық жайлылығын арттыруға және ұжымдағы жағымды қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталды.