Үздік педагог- 2026

23.02.2026

«Ақбота» балабақшасында «Үздік педагог – 2026» байқауы өтті «Ақбота» балабақшасында талантты, ізденімпаз және шығармашыл педагогтердің басын қосқан «Үздік педагог – 2026» атты кәсіби-шығармашылық байқау өтті. Байқаудың басты мақсаты – педагогтердің белсенділігін, дербестігін, шығармашылығын және кәсіби қызметтегі жаңашыл көзқарасын қолдау, сондай-ақ олардың кәсіби әлеуетін ашуға, тәжірибе алмасуына және өз шеберліктерін көрсетуіне мүмкіндік жасау. Байқау педагогтер үшін өздерінің кәсіби білімдері мен педагогикалық шеберліктерін ғана емес, сонымен қатар тапқырлықтарын, креативтіліктерін, шығармашылық қабілеттерін және әр жағдайға жаңаша көзқараспен қарай білетіндіктерін танытатын тамаша алаң болды. Қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, өздерінің кәсіби тәжірибелерімен, тың идеяларымен және тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Әр педагог өзіне тән ерекшелігі мен шығармашылық ізденісін көрсете отырып, мамандығына деген сүйіспеншілігін таныта білді. Іс-шара барысында ерекше көңіл күй қалыптасты. Әріптестердің қолдауы, қатысушылардың толқынысы мен шығармашылық бәсекелестік байқауды одан әрі қызықты әрі әсерлі етті. Байқау педагог мамандығының үнемі ізденісті, шығармашылықты және кәсіби дамуды талап ететінін тағы бір мәрте көрсетті. Осындай іс-шаралар педагогтердің тәжірибе алмасуына, жаңа идеялармен шабыттануына және өз мүмкіндіктерін жан-жақты дамытуына ықпал етеді. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде Изделеева Индира Сарсенбаевнаға бұйырды! 🏆✨ Индира Сарсенбаевнаны лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрдайым шығармашылық ізденісте болып, кәсіби биіктерден көріне беруіне, еңбегінің жемісін көріп, тәрбиеленушілерінің алғысына бөленуіне тілектеспіз! Педагог – баланың жүрегіне жол табатын, оның алғашқы жетістіктеріне қанат бітіретін ерекше маман. Әрбір жаңа күн шығармашылыққа, жаңа идеяларға және жарқын жетістіктерге толы болсын!

Просмотров: 103


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу